Бүгін, 24 мамырда Канн кинофестивалі аяқталған күні қаланың бір бөлігінде толықтай электр қуатының үзілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Var-matin басылымына сілтеме жасап.
Электр энергиясы жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 10:00 шамасында Францияның Теңіз Альпісі департаментінің батыс бөлігінде өшкен. Соның салдарынан кинотеатрларда көрсетілімдер тоқтатылып, көрермендер эвакуацияланды. Қалада телефон байланысы да нашарлады, ал Антиб қаласында бағдаршамдар істен шықты. Электр қуаты Джуан-ле-Пен және Валлорис қалаларында да болмаған.
Фестиваль аясындағы кейбір көрсетілімдер генераторлардың көмегімен қалпына келтірілді. БАҚ-тың жазуынша, жарық бір сағаттай уақытқа өшкен. Бұл электронды билеттерді жүктеу мүмкіндігін шектеп, ұзын-сонар кезектерге себеп болды. Интернет желісі жұмыс істеген қонақтар өзгелерге байланыс таратуды ұсынған.
Француз БАҚ-тарының дерегінше, электр энергиясының үзілуі Теңіз Альпісі департаментінің батыс бөлігін тұтас қамтыған.
Айта кетейік, бұған дейін, 20 мамырда Испанияның бірнеше аймағында негізгі ұялы байланыс операторларының ақауы тіркелген болатын. Оған Telefónica компаниясының желіні жаңғырту жұмыстары себеп болған.