Кандидаттарға BAQ.KZ сайтында интернет-алаң ұсыну шарттары

Кандидаттарға BAQ.KZ сайтында интернет-алаң ұсыну шарттары

BAQ.KZ АА партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және мәслихат депутаттығына үміткерлерге интернет-алаңын ұсыну шарттарын жариялайды.

Қазақстан Республикасының

 Орталық сайлау комиссиясы

 

Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды ұсыну шарты

 

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және мәслихат депутаттығына үміткерлерге «Qazcontent» акционерлік қоғамының https://baq.kz/ сайтының интернет-алаңын ұсынудың жалпы шарттары.

«Qazcontent» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) - https://baq.kz/ сайтының (бұдан әрі - Сайт) меншік иесі.

Соған орай «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидат) ақпараттық қолдауға дайын.

Сол үшін 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген сайлауда депутаттықтан үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарына (бұдан әрі - үгіт материалдары) интернет-алаңын пайдалану төлемақы мөлшері, интернет-алаңды беру шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Кандидаттардың сайтта үгіт материалдарын орналастыруы 2023 жылғы 18 ақпан сағат 18.00-ден 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Кандидат интернет-алаңды сайттың меншік иесі басшысының атына жазбаша өтініші беру және Сайттың меншік иесі мен Кандидат арасында немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде пайдалана алады. 

Кандидаттардың өтініші тіркеу журналына кезегімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін белгілеу арқылы тіркеледі. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2. Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;

3. Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4. Шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.

Үгіт-насихат материалдарының саны, хронометражы, жариялануының болжамды күні мен уақыты Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалын Сайтта орналастыру жазбаша өтініштердің келіп түскен ретімен жарияланады. Өтініштер бірдей уақытта түскен жағдайда жеребе тасталу арқылы белгіленеді.

Жарияланған материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және Сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады.

Үгіт-насихат материалдары сайтқа орналастыру күніне дейін 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірілмей HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады.

Үгіт-насихат материалдарда қайдан қаржыландырылатыны нақты ақпарат болуы керек.

Кандидат өзі ұсынған үгіт-насихат материалдарының мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болуына тікелей жауапты.

Сайттың меншік иесі конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңмен қарастырылмаған әскери құрылымдар құру, сонымен қатар басқа да Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және мәслихат депутаттығына Кандидаттың адамгершілік абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Кандидаттар Сайт меншік иесінің талабы бойынша үгіт-насихат материалдарында көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңын ұсыну шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Материалдарды орналастыру құны:

Қызметтер атауы

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі

ҚҚС есебімен құны, теңге

 

Ақпараттық қызметтер

 

1

Ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін қазақ тілінде орналастыру

Көлемі 2500 белгіге дейін, 4 фотосуретке дейін

Қызмет

50 000

 

2

Үгіт мақаланы қазақ тілінде орналастыру  

Көлемі 5000 белгіге дейін бос орындары бар мақала, 4 фотосуретке дейін, әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге.

Қызмет

240 000

 

3

Үгіт мақала/баспасөз релизін дайындау

Көлемі бос орындары бар 5000 белгіге дейін, әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге

Қызмет

84 000

 

Көлемі 2500 белгіге дейін

60 000

 

4

Баспасөз релизінің/ Үгіт мақалада бейне-роликті орналастыру

Ұзақтығы 10 минуттан аспайды

Қызмет

36 000

 

5

Бейне-роликті «Бейне» тарауында орналастыру

Ұзақтығы 10 минуттан аспайды

Қызмет

120 000

 

6

Мақаланы жаңалықтар арнасында қызыл шрифтпен бірінші орынға бекіту

PR-мақалалар / ақпараттық хабарламалар, баспасөз релиздер/сұхбаттар

2 сағат

10%

 

7

Фоторепортаж

Материалды 4000 белгіге дейін дайындау және орналастыру, 10-20 фотосурет (800*450 пиксельден артық емес), Фоторепортаж тарауында орналастыру

Қызмет

250 000

 

8

Сұхбат

Сұхбатты дайындау және басты бетке орналастыру (6000 белгіге дейін

- 12 фотосуретке дейін / 40 минутқа дейін бейне түсіру;

- материал жазу;

- фототүсірілім/ бейнетүсірілім;

- материалды орналастыру;

- әлеуметтік желілерде ілгерілету)

Қызмет

350 000

 
9 

Дайын сұхбатты басты бетке орналастыру

 

300 000

 

10

Әрбір әлеуметтік желіге пост орналастыру

(Facebook,  Instagram)

Постты бектусіз бос орындары бар 200 - 1500 белгі, Лауазымға қойылатын талаптар 1. Тақырып-65 белгіден артық емес

2. Мәтін-1500 белгіден артық емес

3. Сілтеме

4. Қосымша параметрлер: аккаунтты белгілеу (көрсету)

5. Сурет кемінде 500 x 261 пиксель (көлденең)

Қызмет

15 000

 
Бір тәулікке бекітілетін суреті бар пост бос орындармен 200 - 1500 белгі

20 000

 

11

Telegram-ға пост орналастыру

Бос орындары бар 200 - ден 2500-ге дейін белгілермен пост

Саны  - 4096 таңба.Медиа файлдарға сипаттама - 1024 таңбаға дейін. Фотосуреттер саны - 5 данаға дейін. Бейне хабарламаның максималды ұзақтығы -1 минут.

Қызмет

25 000

 
Арнайы жоба    
      

1

«Желмая» бағдарламасына сұхбаттасушы қонақ ретінде қатысуАвтокөлікте сұхбат жазу, монтаждау, хронометраж – 20-30 минут

Қызмет

600 000

      
 Баннерлерді орналастыру    
      

Блок

Қызметтер атауы

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі

ҚҚС есебімен құны, теңге

 

Б2

2. Оң жақ блок, өтпелі (desktop + mobile)

300*200 +1210*510 пиксель

тәулік

16 000

 

Б3

3. Бас лента (desktop + mobile)

838*90+1210*510 пиксель

тәулік

20 000

 
      
                      

Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлемақы Сайттың меншік иесі төлемақыға ұсынған есепшот негізінде есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Сайттың меншік иесі жазбаша өтініштерді демалыс және мереке күндерінен басқа, 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап 2023 жылғы 16 наурыз аралығында сағат 10:00-ден сағат 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: 

Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17-ғимарат, 17 т.е.ү. Тел.: 95-45-50.

Жазбаша өтініштер факсимильді және интернет байланысы арқылы қабылданбайды.

Басқарма төрағасының м.а.                                             А. Ахбутина

Бөлісу: