Күршім ауылынан 5 шақырым қашықтықта жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік Төре Тоған каналына түсіп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Жер-2024» оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішіндегі жүргізушінің денесін алып шықты.