Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Канадалық бір блогер ұшу кезінде қасындағылардың бәріне "ауырып Уханьнан ұшып келдім" деп өтірік айтқан. Келгеннен кейін ол бірден тұтқындалды және мұны репостар жинау үшін жасағанын толық мойындады.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгінгі брифингте айтып берді.
Өткен тәуліктерде Сингапур, Канада және Үндістан азаматтары коронавирус ауруы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қамауға алынды. Австралия, АҚШ және Оңтүстік Африка Республикасы қауесетке қарсы саясатты қатаңдатуға уәде беріп отыр. Мысалы, канадалық бір блогер ұшу кезінде қасындағылардың бәріне "ауырып, Уханьнан ұшып келдім" деп өтірік айтқан. Келгеннен кейін ол бірден тұтқындалды және ол мұны репостар жинау үшін жасағанын толық мойындады, - деп мәлімдеді Диас Ахметшәріп.
Осылайша, ол Канаданың құқықтық хроникасының жағымсыз кейіпкеріне айналған.
Министрліктің ресми өкілі осындай өтірік пен қорқыныш тудыру індетін тоқтату үшін әрбір парасатты қазақстандық 2 қарапайым әрекетті орындауы керек екенін хабарлады.
Біріншісі – ешқашан коронавирус туралы қорқынышты қауесетті WhatsApp пен Facebook-ке жібермеңіз. Өйткені, бұл әр кез жалғандықтан құрылады. Екіншісі – Facebook-тағы Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасына жазылыңыз, - деп сөзін тәмамдады ол.Бұған дейін, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі масканы суық тию белгілері болған жағдайда ғана кию қажет екенін айтты.