Канададағы орман өртіне байланысты мыңдаған адамға көшіріледі

22 Тамыз 2023, 05:34
946
Бөлісу:
Канададағы орман өртіне байланысты мыңдаған адамға көшіріледі
Фото: скрин

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында 400-ге жуық орман өрті күннен-күнге өршіп барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондықтан бұл аймақта 30 мың үйдің тұрғыны дереу көшіріліп жатыр. Ал Келовна қаласында 136 мыңдай адамның жолға шығуына тыйым салынып отыр.

Канада үшін биыл өрт ауқымы ұлғайған. Жыл басынан бері мұнда жасыл желектерді шарпыған оттың мыңнан астам ошағы анықталып, миллиондаған гектар орман алқабы күлге айналған.

Өзгелердің жаңалығы