Канадада топ жарып, алтын алған астаналық жас хоккейшілер елге оралды

Әуежайда Astana Team командасын салтанатты түрде қарсы алды.

 Астана қаласының әкімдігі Бүгiн 2026, 20:30
Бүгiн 2026, 20:30
173
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордалық әуежайда Astana Team командасын салтанатты түрде қарсы алды. Олар Канададағы беделді Quebec International Pee-Wee Нockey турнирінде алтын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшыларды күтіп алу үшін олардың туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, сондай-ақ Спорт және туризм министрлігі мен Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері келген.

Қарсыласқа бейімделдік, өйткені олардың хоккейі сәл өзгеше. Бізде академиялық хоккей бар, ал оларда хоккей басқаша. Ойын мүлдем басқаша, сондықтан біз жігіттерге күн сайын жиналыстар өткізіп, жаттығуды қайта құруға тура келді. Өйткені алаңдар кішкентай және біздікінен мүлде бөлек. Балалар мұны алғашқы матчтардан түсінді, – деді жаттықтырушы Владимир Матюхин.

Квебектегі жарыс 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлемдегі ең беделді хоккей турнирлерінің бірі. Жарыс төрт дивизионда өтті. Astana Team екінші дивизионда алтын жеңіп алды және келесі жылы AAA элиталық санатына көтерілуі мүмкін.

Еске салсақ, Қазақстан хоккейшілері тарих жасап, 66 жылда алғаш рет Канадада топ жарды.

Президент балалар хоккей командасын  тарихи жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы оқиға екенін атап өтті. 

Наверх