Канада премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Кеше, 19:54
304
Бөлісу:
Канада премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо баспасөз мәслихатын өткізіп, Либералды партияның басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді.

bbc.com мәліметінше, ол партияның жаңа басшысын сайлағанға дейін үкіметті басқара тұрады. Алайда бұл үрдіс бірнеше айға созылуы мүмкін.

Айта кетейік, Трюда Канада үкіметін 9 жылдан бері басқарып келеді. Әрі ол Канада тарихындағы ең жас премьер-министр болды.

Соңғы уақыттары Трюдоның отставкаға кететіні туралы қауесеттер Канаданың саяси орталарында жиі талқыланғанға ұқсайды. Оған билік партиясының рейтингі мен қатар, Трюдоның партияластары арасындағы беделінің де төмендеуі себеп болған.

Өткен жылдың желтоқсан айында жүргізілген сауалнамада сайлаушылардың тек 22% оның басшылығын мақұлдайтынын айтқан.

Либералдық партияның дереккөздері мен баспасөз хабарламаларына сәйкес, партия жетекшісі лауазымына ықтимал бірнеше кандидаттың аты аталған. Солардың ішінде Фриланд ықпалды министрлердің бірі. Ол Канаданың бірінші әйел қаржы министрі болды, бұған дейін Трюдомен шығындарға қатысты келіспеушіліктер салдарынан желтоқсанда отставкаға кеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы