Камерунда ұлттық жастар күнін тойлау кезінде жарылыс орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан оқушылар арасынанм құрбанның көп болғаны айтылуда. Олардың нақты саны әзірге белгісіз.
Қайғылы жағдай Нкамбеде болғаны нақтыланып жатыр.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Камерунның батысында ағылшынтілді аудандар негізінде өздерінің жеке мемлекеттерін құруды көздеп жүрген сепаратистік ұйым жасақталған.