Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот қолданыстағы заңнама аясында жүріп жатыр. Айыпталушылар арасында кәмелетке толмаған күдікті болғандықтан, оны көрсетеуге болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Істі жүргізетін судья белгілі болды. Қазір тыңдалым жүріп жатыр. Журналистерді кіргізу, кіргізбеу жағын сот шешеді. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр, - дейді Жоғары Соттың коммуникация бөлімінің басшысы Перизат Сәдуақас.
Сот судьясы белгілі болды. Ол – Алматы облыстық сотының судьясы Жанұзақов Ержан Серікқазы. Сот отырысы кешігіп басталды. Себебі айыптаушылар қорғаушылары кешігіп келген.
Сот залына журналистерді әлі кіргізген жоқ. Дәл қазір тыңдалым жүріп жатыр.
Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйін өртеген күдіктілердің неліктен әлі күнге анықталмағанын айтқан еді.