Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Камчатканың шығыс жағалауында жер сілкінді

16 Қараша 2025, 19:13
309
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сейсмологтар Тынық мұхиты акваториясында, Камчатканың шығыс жағалауы маңында 5,2 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 16 қараша, жексенбі күні РҒА Біртұтас геофизикалық қызметінің өңірлік филиалы Telegram-арнасында мәлім болды.

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Петропавл-Камчатск қаласынан 102 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы теңіз түбінен 40 шақырым тереңдікте жатқан.

Сейсмологиялық оқиғаның энергетикалық класы 11,9 деп көрсетілген.

Қазіргі таңда елді мекендерде жер дүмпулерінің сезілуі туралы ақпарат түскен жоқ. Сондай-ақ цунами қаупі жарияланбады.

Өзгелердің жаңалығы