Қалта көтермей жатыр. Сағынтаев өзекті мәселе туралы айтты

7 Желтоқсан 2020, 14:01
1785
Бөлісу:
Қалта көтермей жатыр. Сағынтаев өзекті мәселе туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі жеке тұрғын үй секторларына газ тарту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. 

Жеке сектордағылардың көбісі – Алматыға қайта қосылған елді мекендердің есебінен екен. Екіншісі, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан. Былтыр осы санатқа кіретін 3000 мың отбасы болған. Халықпен сөйлескен кезде: «мердігер компаниялардың қызмет құны қымбат, бірден төлей алмаймыз» деді. Сондықтан қосыла алмай отырғандарын айтты. Негізі магистральдық құбыр бар. Одан әрбір үйге тартып алу үшін қаржы қажет. Оны төлеуге халықтың қалтасы көтермей жатыр. Мердігер болғаннан кейін әрқайсысының жүйесі бар. Мысалы, «ҚазТрансГаздікі» қолжетімді. Олар 142 мың теңгеден алады. Жекелердің есебінен істелініп жатқан жұмыс 300 мыңға дейін шығып жатыр. Осы мәселе көтерілгенде «Халық банк» ұсыныспен шықты. Яғни «біз тұрғындарға көмек жасайық, 1,5 жылға 300 мың теңгеге дейін пайызсыз несие берейік» деп айтты. Қазіргі кезде бұл көмекті алып жатқандар бар, - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, әкімшілік тұрмысы төмен отбасыларға демеушілер табуға көмектесіп жатыр екен. 

Саяжайлардағы жеке тұрғын үйлерді есептемегенде, басқаларына толықтай газ тартылды деп айтуға болады. Арасында бірді-екілі несие алудан бас тартқандары болмаса. Екінші бір мәселе, тау жақта саяжайлар көп. Олардың көбі көмір жағып отыр. Егер онда кіретін болсақ, үлкен жобаны дайындау керек болады. Таудың төңірегіндегі саяжайлардың бәрі жүйесіз салынған, - дейді әкім.

Өзгелердің жаңалығы