Калифорнияда орман өртіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Лос-Анджелес округіндегі өрт шамамен 287 гектар аумаққа таралған.

 Report 4 Қазан 2026, 20:53
4 Қазан 2026, 20:53
126
Фото: Report

АҚШ-тың Калифорния штатында ірі табиғи өртке байланысты бірнеше ауданның тұрғындарын эвакуациялау жарияланды. Өрт Лос-Анджелес округінде болған.

Штаттың өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, тілсіз жау шамамен 287 гектар аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге жердегі өрт сөндіру бөлімдері мен авиация жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрттің салдары мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Наверх