Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

Бөлісу:
Калифорнияда орман өрті өршіп тұр
Фото: baq.kz

АҚШ-тың Калифорния штатында бір апта бұрын басталған орман өрті әлі ауыздықталар емес. Тілсіз жау сағатына 20 шаршы шақырымды жайпап өтіп жатыр. Бас-аяғы 1400 шақырым жер күлге айналған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір қызыл жалынмен 2500-ден астам бригада күресіп жатыр. Сондай-ақ ондаған техника мен тікұшақ жұмылдырылған. Бірақ қолайсыз ауа райы өртті сөндіруге кедергі келтіруде дейді мамандар. Билік табиғи апатқа байланысты штат аумағында төтенше жағдай режимін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы