Калифорнияда алапат өрттің салдарынан төтенше жағдай жариялады

Бөлісу:
Калифорнияда алапат өрттің салдарынан төтенше жағдай жариялады
VIDEO
Фото: reuters

АҚШ президенті Джо Байден Калифорния штатындағы алапат өртке байланысты Италияға бармайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьерге сілтеме жасап.

Байден бұған дейін штатта табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарымен күресу және зардап шеккендерге федералды көмекті жеделдету үшін апат режимін жариялаған болатын.

Біз Оңтүстік Калифорниядағы өртті тоқтатып, жағдайды қалыпқа келтіру үшін қажет нәрсенің бәрін жасауға дайынбыз. Бірақ бұл өте ұзақ жол болатынын білеміз. Федералды үкімет қажет болғанша осында қалады, - деді Байден.

Оған дейін президент Калифорния губернаторынан ақпарат алу үшін Лос-Анджелеске келіп, Вашингтонға оралғаннан кейін шетелдік соңғы сапарынан бас тартуға шешім қабылдады.

Айта кетейік, Байден 9 қаңтарда Италияға ұшуы керек еді. Оның үш күндік сапары кезінде ел президенті Серджио Маттарелламен және премьер-министр Джорджа Мелонимен кездесуі жоспарланған болатын. 

Еске салсақ, дала өрттері Калифорнияда бірнеше күн бойы, яғни 7 қаңтардан бастап жалғасып келеді. Бұл штат тарихындағы ең жойқын өрттердің бірі деп саналады. Қатты екпінді жел мен төмен ылғалдылық жағдайды ұшықтырып отыр.

Бұған дейін 5 адамның қаза тапқаны расталды. Сондай-ақ 2 мыңнан астам үй, кәсіпорындар және басқа да ғимараттар қирап-бүлінді. 130 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

AccuWeather есептеулері бойынша өрттен келген шығын 50 миллиард доллардан асады.

Бұған дейін әлемге әйгілі Hollywood жазбасы өртке оранған болатын.

Өзгелердің жаңалығы