Қаланың эпиджағдайы ауыр – Алматы Денсаулық басқармасы

4 Сәуір 2021, 16:25
2144
Бөлісу:
Қаланың эпиджағдайы ауыр – Алматы Денсаулық басқармасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматыда COVID-19-ға қарсы вакцинациялау барысы және Денсаулық сақтау министрлігінен вакциналардың дозаларын жаппай жеткізуді қабылдауға дайындық туралы онлайн брифинг кезінде айтып берді.

Қаланың эпиджағдайы ауыр. Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 575 науқас тіркеліп отыр. Оның ішінде 331 адам ауруханаға жатқызылды. Жедел жәрдемнің бір тәулікте коронавирусқа барған себептері 15%-ды көрсетіп отыр. Ал шақырулардың саны 1 129. Тәулік бойы ауруханаға шығып жатқан және оған түсіп жатқан науқастардың саны теңдей. Сондықтан дәл қазір ауруханаларда орындардың, дәрілердің немесе емдеу құралдарының жетіспеушілігі жоқ. Бәрі толық бақылауда. Дәрігерлер мен медбикелердің, қызметкерлердің саны штат бойынша толық, - деп айтты ол.

Оның сөзінше, дәл қазіргі ахуал денсаулық сақтау жүйесінде бақылауда тұр.

Қазіргі күні стационарда 2 916 науқас ем алып жатыр. Бұл сан жиі өзгеріп тұрады. Науқастардың жағдайын ауырлығына және клиникалардың мүмкіндігіне қарай 3 деңгейге бөлдік. Әр деңгей бойынша орындар жеткілікті. Бүгінгі күні 5 460 жатын орын жасақталған. Оның 54%-ы бос емес. Сондай-ақ 450 реанимациялық орындар бар, бүгінгі таңда оның 37%-ы бос емес, - деп түсіндірді Нариман Табынбаев.

Реанимацияда 175 науқас жатыр, қалған коронавируспен ауырып жатқан науқастардың жағдайы орташа және ауыр деп бағаланып отыр.

Оның сөзінше, қаладағы дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар қоры 2-2,5 айға жетеді.

Бұған дейін Табынбаев Алматы емханалары вакцинациялауға 100% дайын екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы