Кафе меңгерушісі жұмыстан кетпек болған үш қызды пышақтады

Кафе меңгерушісі жұмыстан шыққысы келген үш жас қызметкерді жертөлеге шақырып, пышақпен шабуыл жасады. Қыздар үш айдан астам емделді, сотта айыпталушы кінәсін мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Japan Today басылымына сілтеме жасап.

 - архив/ Арман Мухатов 15 Қыркүйек 2025 2025, 14:02
15 Қыркүйек 2025 2025, 14:02
1027
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Жапонияның Кумамото қаласында кафе меңгерушісі жұмыстан шыққысы келген үш жас қызметкерді жертөлеге шақырып, пышақпен шабуыл жасады. Қыздар үш айдан астам емделді, сотта айыпталушы кінәсін мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Japan Today басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылдың наурыз айында Кумамото қаласында болған. 31 жастағы Кимиаки Нара өзіне бағынышты үш қыздың (олардың жасы 19 бен 21 аралығында болған) жұмыстан кетпек ниетін білген. Ол қыздарды кафе ғимаратына шақырып, жертөлеге түсіріп, кенеттен асүй пышағымен шабуыл жасаған.

Нара қыздарды ішіне, мойнына және бетіне пышақ сұққан. Оқиғадан кейін көшеде қанға боялған пышақпен жүрген оны көрген куәгер полиция шақырған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, үш айдан астам ем қабылдаған.

Сот барысында Кимиаки Нара өз кінәсін мойындады. Оның адвокаты қылмысты шамадан тыс жұмыс істеуден туындаған қатты күйзеліс жағдайында жасағанын айтып ақтауға тырысуда. 

Үкім 17 қыркүйекте шығарылады.

Наверх