Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлады Olympic.kz.
Кілемге шыққан үш балуанымыз да жүлдесіз қалған жоқ. 65 келідегі Олжас Олжақанов пен 71 келідегі Нұрдәулет Қуанышбай біріншіліктің қола медалін иеленді.
Ал 80 келідегі Бекзат Аманғали финалда сүрініп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.