Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы екі тәулікте Ауғанстаннан ұшуға шектеу қойылады. Себебі Кабул әуежайы 48 сағатқа жабылады.
Бұл туралы Khaama Press жазды.
Басылым мәліметінше, АҚШ мемлекеттік департаменті әуежай ғимараттың ішіндегі мыңдаған адамды эвакуациялау үшін жабылатынын мәлімдеген. Кейіннен рейстер қайта жанданады.
Ауғанстандықтар күннің ыстығына қарамастан ашық аспан астында эвакуацияны күтіп отырған көрінеді.
Бұл ретте Джо Байденнің президент әкімшілігіндегілер хабарлағандай, Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау үшін азаматтық ұшақтарды да тарту жоспарда бар.Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Кабул әуежайы маңындағы кептеліс салдарынан 7 адам қаза болған.