Кәсіпорындарды қолдаудың жаңа амалдары қарастырылуда

9 Қазан 2020, 12:55
1393
Бөлісу:
Кәсіпорындарды қолдаудың жаңа амалдары қарастырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын енгізу көзделген.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

- сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық жеткізгіштерді салуға арналған жабдықты, сондай-ақ инженерлік бағдарламалық қамтылымды сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға жұмсалатын шығындар;

- сәйкестендіру құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындар;

- клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар (зерттеулер) жүргізуге арналған шығындар;

- ішкі нарықта тауарларды жеткізуге байланысты шығындардың бір бөлігі.

Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы «ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ИИДМ бұйрығының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет - порталында, сондай-ақ министрліктің сайтында орналастырылған.

Бұйрықты open.gov.kz порталында талқылануда.


Өзгелердің жаңалығы