Кәсіпкерлерді үш жылға салықтан босату экономикамыздың дамуына ықпалы зор – сарапшы

3 Қыркүйек 2019, 21:07
2076
Бөлісу:
Кәсіпкерлерді үш жылға салықтан босату экономикамыздың дамуына ықпалы зор – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлерді үш жылға салықтан босату экономикамыздың дамуына ықпалы зор. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде бар. Мұндай пікірді «Экономикалық зерттеулер институтының» аға сарапшысы Нәдір Әлпейісов білдірді. 

«Микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босатса, бұл экономикамызға жақсы әсер етеді деп есептейміз. Дамыған Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, оларда микро және шағын бизнестің экономикадағы үлесі өте зор. Өйткені, олар қырыққа жуық жұмыс орнын береді және ЖІӨ-нің 30-40% құрайды. Ондай елдер Еуропада бар. Ал, Қазақстанға оралатын болсам, шағын және орта бизестің 99,8% микро және шағын бизнес құрайды. Яғни көп кәсіпкерлердің қосымша ақшасы пайда болады. Сол ақшаны олар не бизнеске, не өздеріне жұмсай алады. Бұл ішкі сауданы арттыруға мүмкіндік береді, жаңа жұмыс орнының пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ, бір айта кетерлігі, биылғы президенттің Жолдауының негізгі бағыты – әлеуметтік салаға арналғаны дұрыс болды деп санаймын», - дейді Нәдір Әлпейісов. 

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырған болатын. Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енуі керек. 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енеді.
Өзгелердің жаңалығы