Кәсіпкер 75 отбасыға қаржылай көмектесті

25 Сәуір 2020, 09:23
1659
Бөлісу:
Кәсіпкер 75 отбасыға қаржылай көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Төлеби ауданында түрлі деңгейдегі қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға көмек беріліп келеді. 

WhatsApp Image 2020-04-24 at 13.01.25.jpeg

Соның жалғасы ретінде "Біз біргеміз" акциясы аясында жергілікті кәсіпкер Амангелді Нуров басшылық жасайтын "Бейбарс и К" ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 75 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек беріп отыр. 

WhatsApp Image 2020-04-24 at 13.01.26 (1).jpeg

Осындай шақта ауылдастарға қолдау көрсету - азаматтық парыз екендігін жеткізді кәсіпкерлер. 

WhatsApp Image 2020-04-24 at 13.01.26.jpeg

Әлеуметтік көмекке ие болған отбасылар да қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. 

Түркістан облысында жалпыхалықтық сипат алған "Біз біргеміз" жобасы өңірде дәстүрге айналып та үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы