Көші-қон заңнамасын бұзғандар анықталды

13 Наурыз 2020, 01:38
2918
Бөлісу:
Көші-қон заңнамасын бұзғандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың басынан көлік полицейлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 миллион 588 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан көлік полицейлері Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 196 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде ТМД азаматтары – 183, алыс шетел азаматтарының саны - 13.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион 588 мың теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 11-13 наурыз аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ПД қызмет көрсету учаскесінде “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында бір тәулік ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін көші-қон саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 51 дерек анықталды.

ҚР шетелге барған уақыттың үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарламағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы "Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша ҚР 12 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

519-бабы бойынша ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тартқан бір дерек анықталды. Ағымдағы жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтан Желілік полиция басқармасының қызметкерлері темір жол вокзалында 517-бап "Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Өзбекстанның 12 азаматын жауапкершілікке тартты.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша жоғарыда аталған Өзбекстан азаматтары елден шығарылды. 519-баптың 1-бөлігі бойынша "Асыл Компания 2018" ЖШС-ға жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелден жұмыс күшін тартқаны үшін 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.



Өзгелердің жаңалығы