Көші-қон қызметінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды</h4>

 20 Қараша 2019 2019, 10:48
20 Қараша 2019 2019, 10:48
2583

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің басшысы полиция майоры әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр, - делінген хабарламада.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Наверх