Көшербаев ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

28 Қараша 2019, 16:23
2456
Бөлісу:
Көшербаев ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Жиынға сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңірлік ассамблеялар хатшылықтарының меңгерушілері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде халық бірлігін қамтамасыз ету ісі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы екенін және солай болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлікті нығайту жолында маңызды рөл атқарады. Ассамблеяны, оның қоғамдағы рөлі мен беделін нығайту үшін қажетті тұжырымдамалық, құқықтық негіздер жасалған.

Қ.Көшербаев Ассамблеяның алдағы уақытта  атқаратын бірқатар басым міндеттерін, атап айтқанда, 2020 жылы ҚХА-ның 25 жылдығына және мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыруға арналған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу, сондай-ақ жұмыстың ғылыми-талдамалық бағытын күшейту қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеудің қорытындылары, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуы, сондай-ақ, Шымкент қаласы ҚХА-ның жұмыс тәжірибесі және бірқатар ұйымдық мәселелер қарастырылды. 

Өзгелердің жаңалығы