Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күнделікті өмірде пайдасы мен зиянына мән бермей ішіп-жеп жүрген тағам көп. Көпшілік ішіп жүргеннен кейін біз де оның зиянына қарамай жүре береміз. Оның кейбірі денсаулыққа зиян келтірсе, енді бірі сұлулық пен келбетке, психологиялық көңіл-күйге кері әсер етеді. Салмақ қосып, бетке әжім түсіретін, безеу шығаратын да осы тағамдар, деп жазады Massaget.kz.
Қант
Ең зиянды қоспалардың бірі әрі негізгісі – қант. Мұны бәрі білетін болар. Қанттың зиян екені бұрыннан айтылып жатыр. Қантты көп жеуге болмайды. Қантты көп жейтін адамдардың бетіне ақтаңдақ түсіп, безеу қаптайды, целлюлит пен әжім пайда болады.Толудың да себебі – қант. Қант көп жейтін балалардың өсу гормоны азайып, дене-бітімінің дұрыс қалыптасуына зиян келтіреді. Ағзасында қышқыл көбейіп, иммунитеті төмендеп кетеді. Қанттың орнына табиғи тәттілерді жеген жөн.
Мәселен, бал, жеміс-жидек (құрма), шырынның пайдасы әлдеқайда жақсы. Әсіресе, балаларға тұт ағашының жемісін берген дұрыс. Тәтті кәмпитті алмастыра алатын жеміс.