Күлтөбе қалашығы әлем туристерінің де назарын аударады

10 Қыркүйек 2020, 19:48
2775
Бөлісу:
Күлтөбе қалашығы әлем туристерінің де назарын аударады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қалпына келтіріліп жатқан Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасы Түркістанның тарихи статусын нығайтып қана қоймай, әлем туристерінің де назарын аудартады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялыар қызметінде өткен онлай брифингте Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов айтып берді.

Оның айтуынша, «Күлтөбе қалашығының тарихи объектілерін қалпына келтіру» жобасын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, сондай-ақ «ERG» корпоративтік қорының қаржылай қолдауы негізінде іске асуда. Жобаның негізгі - «Күлтөбе қалашығы»  заманауи археологиялық паркін құру.
Жалпы, Күлтөбе қашалығы 4 кезеңді қамтиды:ерте кезең (II – IV ғғ.)-сармат – қаңлы дәуірі-діни және рухани орталық, екінші кезең (VII – IX ғғ.) – Түркі дәуірі-шағын бекініс қонысы, үшінші кезең (X–XIII ғғ.) – ортағасырлық кезең (қала мәдениетінің өркендеуі және Қожа Ахмет Ясауи дәуірі), төртінші кезең (XVI–XIX ғғ.) - қазақ хандығының кезеңі (маңызды саяси-экономикалық орталық, мәдениет қиылысы, Түркістан – Қазақ хандығының астанасы, қазақ-жоңғар соғыстары кезінде құлдырауға түскен  толыққанды қалалық инфрақұрылым), - деді Хазбулатов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде консервациялауға арналған жекелеген объектілер анықталды. Ол қалашықтың  түпнұсқалық келбетін қалпына келтіру үшін маңызды архитектуралық және археологиялық дүниелер. Сонымен қатар, ежелгі және ортағасырлық керамиканың жүздеген үлгілері, діни мазмұндағы көне кітаптар және басқа да артефактілер, қолөнер бұйымдары, әшекейлер  табылған. Табылған құнды археологиялық жәдігерлердің барлығы зерттеліп, каталогқа енгізіліп, бірқатары қалпына келтіріледі.
Күлтөбе қалашығы тарихи объектілерін қалпына келтіру» жобасы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 938 қаулысымен бекітілген Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі Кешенді жоспарын іске асырудың маңызды бөлігі болып табылады.  Жобаны жүзеге асыру үш жылға, 2019-2021 жылдарға жоспарланғанын атап өткен жөн.
«Күлтөбе қалашығының» қалпына келтірілуі Түркістанның туристік дамуына оң әсер етеді деп атап өтті спикер.

Өзгелердің жаңалығы