Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері екі көріністі "Күлше қыз" балеті қойылады. Бұл туралы "Астана Балет" театрының баспасөз қызметі хабарлады.
Премьераға дайындық екі ай бұрын басталған. Хореограф Надежда Калининаның айтуынша, "Күлше қыз" - шығармашылық жолындағы ең күрделі жобаларының бірі.
Бұл алғаш қойылып жатқан дүние. Хореография, декорация, костюмдер, бейне контент – осының бәрін ойдан шығарып, арнайы "Астана Балет" үшін дайындап, киімдерін тігіп жатырмыз. Адам баласы ертегіні қажетсінеді. Біздің мақсат отбасыңызбен бірге көретін, заманауи стильде жасалған, тартымды кейіпкерлері көп, әзілі бар жарқын спекткль жасау. Балетте комедия жанры мүлдем сирек қолданылады, өйткені, сахнада тентектің кейіпін сомдау, күлдіру өте күрделі. Ол үшін белгілі бір дәрежеде ішкі бостандық қажет, - дейді балетмейстер.
Күлше қыздың өгей әпкелері, олардың кавалерлері, Өгей шеше, тіпті Ханзаданың өзіне қызықты хореографиялық репликалар қосылған.
Хореограф Надежда Калинина либреттоның да авторы. Декорация мен костюм суретшісі - танымал сценограф Сергей Новиков. Оның интерпретациясына сәйкес, балет оқиғасы Кұлше қыздың күнделігі ретінде өрбиді. Сол себепті, кітап тақырыбы спектакльдің өн бойынан : декорацияда, кішігірім бутафория мен костюмдерде сезіледі.Алдағы премьераға театрдың балет труппасы түгел қатысады. Нақты ешкімнің есімін атаған жоқ, дегенмен бір нәрсе айқын. Басты партиялардың біріне әртістердің үш-төрт құрамын дайындап отыр.
Спектакль 20-желтоқсанда, сағат 19:30, ал желтоқсанның 21, 22 күндері сағат 18:00-де басталады.