Көліктен 600 келіден астам бекіре табылды

8 Маусым 2020, 14:54
1495
Бөлісу:
Көліктен 600 келіден астам бекіре табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары – Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Өзгелердің жаңалығы