Көліктегі заңсыз зообақ

24 Наурыз 2019, 11:07
2540
Бөлісу:
Көліктегі заңсыз зообақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша заңсыз жануар тасушылар ұсталды.

"Қордайлық шекарашылар «Қарасу» көліктік бақылау пунктінде «Форт Транзит» автокөлігімен елімізге ешқандай құжатсыз 15 жабайы мысық, 25 кірпі, 10 қоян және 3 пони алып келе жатқан 31 жастағы қазақстандықты ұстады. Жануарлар Жамбыл облысының малдәрігерлік қызметіне тапсырылды", - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, шекарашылар 23 наурызда Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға келе жатқан 45 жастағы РФ азаматының жекеменшік «Вольво» автокөлігінен «Гроза-041» травматикалық тапаншасын және оның оқ-дәрілерін тапты. Ұсталған азамат қару-жарағымен Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Сол күні «Мерке» тексеріп-өткізу пунктінің «Айша Бибі-авто» бөлімшесінде 100 литрден астам дизель отынын, Қордайда 500 литр АИ-92 бензинін елден заңсыз шығармақ болған Қырғыз елінің 4 азаматы ұстады.

«Сыпатай батыр» өткізу пунктінде көрші елден жаяу келе жатқан 27 жастағы қазақстандықтың қол жүгінен әртүрлі маркалы 2 460 қорап темекі табылып, Мерке ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды. Сарыағаш шекара отрядының «Б.Қонысбаев» бөлімшесінде Қазақстанға келе жатқан 31 жастағы Өзбекстан азаматының «Daewoo lacceti» автокөлігінің жүксалғышынан 70 кг насыбай табылды.   

 

Өзгелердің жаңалығы