Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов оңтүстіккореялық компаниямен елордада жаңа зауыт құрылысын бастау туралы жоспарды талқылады, деп хабарлады Елорда Инфо.
Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарым барысында "Hyosung Heavy Industries" компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Нұр-Сұлтанда Alageum Electric компаниясымен бірлесе жоғары вольтты электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт құру талқыланды, - делінген қала басшысының Instagram желісіндегі парақшасында.
Жоба 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыт өнімін отандық нарықпен қатар шетелге де экспорттау көзделіп отыр.