Көктемнің басы жауын-шашынды болады

1 Наурыз 2019, 13:50
2645
Бөлісу:
Көктемнің басы жауын-шашынды болады

Астана, BAQ.KZ. 2-4 наурыз күндері Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп болжайды синоптиктер.

Қазақстанға Орталық Азия мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен бір уақытта циклондар жылжып жатыр. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдайдағы ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болады. Күшті екпінді жел тұрып, жылудың әсерінен көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жылбысқы қар, дүйсенбіде қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Температура ауытқуы мүмкін, бірақ батыстан басқа аймақтарда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Батыста температура нормаға жақын және төмен.

Өзгелердің жаңалығы