Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер көктемнің алғашқы күні Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райы болады деп болжайды.
Мамандардың мәліметі бойынша, боран мен қардан кейін қазақстандықтарды жылы демалыс күндері күтеді. 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында республиканың басым аумағында қауіпті табиғи құбылыстардан тек тұман түседі.
Еліміздің батысында ғана күн бұлтты, көктайғақ пен қатты жел болуы мүмкін.
Бүкіл елде ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.