Қостанай облысында «Jasliga» атауымен жастардың басын біріктірген ерекше спорттық жоба басталды деп, хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Жоба аясында Қостанай өңірінің жастары шағын футбол, волейбол және баскетбол секілді спорт түрінен сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады.Сайыс жеңімпаздарына табысталатын жүлде қорының қомақты екенін айта кеткен жөн. Нақтырақ тоқталсақ, оған екі миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Осыған қарап Тобыл өңірінің жастары арасында мұндай турнирлерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқатады.
Қазір жастардың арасында атақты Месси мен Роналдаға еліктеп, матчтың соңғы минуттарында айып добынан гол соғуды немесе турнирдің үздік ойыншысының жүлдесін алуды армандмайтыны кемде-кем.
Бұл «Jasliga» жобасы алақандай ауылдағы қостанайлық жастар үшін алдағы ауқымды жарыстарға қатысуына жол ашатын бағдаршам іспетті. Мұндай турнир әуесқой спортшыларды нағыз командаларға біріктіріп қана қоймай, ортақ жеңіске жету жолында әрекет етуді үйренеді. Содан болар «Jasliga» жарыстарына жақында құрылған командалармен қатар, әуесқой спорттыңтәжірибелі өкілдерінің қатысуына жол ашық.
Әуесқойлар деңгейінде өтіп жатқан жарыстарды үлкен спорттың танымал өкілдері тамашалауға келіпті. Солардың бірі - «Тобыл» баскетбол клубының бұрынғы ойыншысы Леонид Адамович.
Мұндай жарыстар ойыншыларды біріктіреді. Өйткені, олардың бір мақсаты бар. Жастар өздерін ең жақсы команды екенін дәлелдеу үшін спорт алаңдарына барады. Мұндай жарыстарды ұйымдастырудың пайдасы мол. Жастар үшін бұл уақытты тиімді өткізудің тамаша тәсілі «Jasliga» құру тұрақты сипатқа ие болады және жоба соңғы ойындар аяқталғаннан кейін жабылмайды деп үміттенемін, - дейді «Тобыл» баскетбол клубының бұрынғы ойыншысы Леонид Адамович .
Сондай-ақ Леонид әуесқой спорттық турнирлердің дамуы көптеген ойыншылардың кәсіби клубтарға мүше болуына серпін бере алатынын атап өтті.
9 қазанда «Jasliga» бірінші жастар спорт лигасының финалдық ойындары аяқталды. 18 бен 28 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар алты ай бойы Қостанай облысындағы үздік әуесқой команда атану үшін көптеген сынақтардан өтті. Барлық спортшылар әуесқойлардан тұратын турнир қызықты өткенін айта кеткен жөн. Жарысқа қатысушылар топтық кезеңді еңсере отырып, үздік командалар плей-офф кезеңіне өтті.
Көптен күткен «Jasliga» жабылу тур шағын футболдан үшінші орын үшін кездесулерден басталды. Онда Рудныйдың «Қасқыр» және «Старт» командасын жеребе жолықтырды. Екі команда да жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, енді әрқайсысы турнирдегі жағдайын түзеткісі келді.
Бірінші таймда «Қасқыр» командасы қатарынан екі гол соғып, алға шықты. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. «Старт" командасы тайлы тұяғымен шабулға көшіп, есепті теңестірді. Осылайша екі жақ бірінші тайм аяқталғанша тағы екі гол соғылып, екі жақ 3:3 пен демалысқа кетті.
Екінші тайм тартысты сәттерге толы болды, бірақ таблодағы сандар өзгеріссіз қалды. Пенальти сериясында Қасқыр 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Одан кейін ойынның ақтық мәресінде «Салават» пен «Астықжан» командылары турниердің бас жүлде үшін тартысқа түсті. Екі команда да маусым бойы тамаша ойын көрсетіп, қарсыластарын айналып өтіп, ақтық кезеңге жеткен болатын. Ойында нақты фаворитті атау қиын болды.
Бірінші таймда «Салават» тойынды өз тізгініне алып, алғаш гол соқты. Көп ұзамай есеп 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда ойын «Астықжанның» бақылауымен болды. Қақпашыда ойынға араласты. Алайда мұндай тәуекел үшінші голдың соғылуына себеб болды. Матч соңына дейін «Астықжан» ойыншылары Астықжан» қатарынан екі гол соғып, есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен сәттілік серек болмады. Ал «Салават» командасы шағын футболдан «Jasliga» чемпионы атанды.
Баскетболда қола медаль тағдырын "Brawl Stars" – "БШ Шанс" матчында шешілді .Бұл жұпта біріншісі алғашқы тоқсаннан бастап бастама көтеріп, матчтың экваторына 21 ұпаймен жетекшілік етті. "БШ Шанс" қарсы шабуылдармен белсенді жауап берді, бірақ оларға іске асыру жетіспеді. Нәтижесінде үлкен жеңілістің дәмін татты. Ал «Brawl stars» «Jasliga» қорытындысы бойынша үшінші орыға табан тіреді.
Маусымның басты матчында "Шанс" командасының баскетболшылары Рудный «Импульс» командасымен кездесті. Нәтижесінде турнирдің алтын медалін «Шанс» командасына иеленсе, ал күміс медалға Рудный қаласынан келген жас спортшылар лайық болды.
Волейболда бірінші орын үшін «Қызбел» мен «Намыс» командылары кездесті. «Қызбел» ойынды сауатты бастап, бірінші партияны жеңіспен аяқтады. Екінші партияда «Намыс»командасы алға шықты. Үшінші кезеңде «Қызбел» тағы да басымдыққа ие болып, есеп 2:1 болды. Шешуші сәтте «Намыс» ерік-жігерімен және табандылығымен 5 гол соғып, партияны 25:27 есебімен өз пайдаларына шешті.
Бесінші, шешуші ойында таразы басы ойын аяғына дейін теңселіп тұрды. Командаларды небәрі екі ұпай ғана бөліп тұрса, «Намыс» ойыншысының соққысындағы қателік кездесудің нәтижесін шешті. Қорытынды есеп 3:2 «Қызбел» пайдасында.
Қазан айының соңында спортшыларды марапаттау рәсімімен қатар спорттық жастар лигасының маусымдық салтанатты жабылуы өтпек. Қазірдің өзінде турнир ойыншылар мен жанкүйерлерден көптеген оң пікірлер жинап отыр. Қостанайлықтар мұндай спорттық іс-шара өңірде дәстүрге айналады деп үміттенеді.