Jas Otan-дықтар елордада нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

5 Наурыз 2020, 20:07
2262
Бөлісу:
Jas Otan-дықтар елордада нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "Jas Otan" жастар қанатының өкілдері мен белсенділері Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері мен коммуналдық қызметтің әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

WhatsApp Image 2020-03-05 at 19.36.17.jpeg

WhatsApp Image 2020-03-05 at 19.36.15.jpeg

Мерекелік акция барысында жасотандықтар коммуналдық қызметінің қызметкерлері мен дәрігерлерді күн сайынғы ауыр еңбегі үшін алғыс ретінде құттықтады.

WhatsApp Image 2020-03-05 at 19.36.14.jpeg

Қазір соңғы оқиғаларға байланысты коммуналдық қызметтің қызметкерлері мен дәрігерлер авральды режимде жұмыс істеуде. Дәрігердің күнделікті еңбегі адамдардың өмірін құтқаруға бағытталған. Ал коммуналдық қызмет қызметкерлері ерлермен қатар, ауа райына қарамастан, таңертеңнен кешке дейін елорда көшелерін қардан тазартып, Қазақстанның жүрегі - елорданың тазалығы мен сыртқы қолайлы келбетін көркейтіп жүр. Сондықтан да біз жасотандықтармен осы еңбектері үшін алғыс айтып, мейраммен құттықтауды жөн көрдік, - "Jas Otan" ЖҚ атқарушы хатшысы Жанат Чукеев.

WhatsApp Image 2020-03-05 at 19.36.12.jpeg

Акция аясында көктем мен мерекенің символы ретінде қызғалдақтар мен тәттілер түрінде естелік сыйлықтар берілді. 

WhatsApp Image 2020-03-05 at 19.36.13.jpeg

Шара соңында белсенділер қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қызғалдақтар сыйлады.

WhatsApp Image 2020-03-05 at 19.36.27.jpeg


Өзгелердің жаңалығы