Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израильдің атысты тоқтату туралы келісімге келу үшін қандай шарт қойғаны белгілі болды

24 Маусым 2025, 05:16
601
Бөлісу:
 Manuel Augusto Mareno/Getty Images
Фото: Manuel Augusto Mareno/Getty Images

Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келу үшін шарт қойды, яғни Иранның шабуылды толық тоқтатуын талап еткен. Иран бұл шартқа келісті. Бұл шешім АҚШ тарапынан жүргізілген белсенді дипломатиялық келіссөздер нәтижесінде қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

CNN мәліметінше, Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі Израильдің атысты тоқтату туралы ұсынысты тек Тегераннан соққылар тоқтатылған жағдайда ғана қабылдайтынын айтқан. Иран бұл шарттарды қабылдаған.

Атысты тоқтату туралы келіссөздер барысында АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен тікелей байланыс орнатқан. Сонымен қатар, келіссөздерге АҚШ вице-президенті Дж. Д. Вэнс, Мемлекеттік хатшы, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Марко Рубио және Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысқан. Олар ирандық тараппен тікелей де, жанама арналар арқылы да байланыс жүргізген.

Ақ үй бұл келісімнің жүзеге асуына АҚШ-тың Иранның ядролық объектілеріне жасаған соққыларының шешуші ықпал еткенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Иран мен Израильдің атысты толық тоқтатуға келіскенін жариялаған болатын. Оның айтуынша, бұл шешімнің ресми түрде жариялануы 24 сағат ішінде жүзеге асады.

Өзгелердің жаңалығы