Израиль Сирияның әскери нысандарын атқылады

 ©️ depositphotos.com/thenews2.com 3 Мамыр 2025 2025, 19:17
3 Мамыр 2025 2025, 19:17
712
Фото: ©️ depositphotos.com/thenews2.com

Израиль Сириядағы әскери инфрақұрылымға соққы жасады. Бұл туралы dw.com сайтына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.

Хабарламаға сәйкес, соққылар «жер-әуе» класты зениттік қару-жарақтарға бағытталған. Израиль Қорғаныс армиясының Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеде, ЦАХАЛ «Израиль азаматтарын қорғау үшін, қажет болған жағдайда, әрекет етуді жалғастыратыны» айтылған.

Сондай-ақ Сирия аумағында жараланған бес сириялық друз Израильге емделуге эвакуацияланғаны хабарланды.

Мәлімдемеде ЦАХАЛ Сирияның оңтүстігіндегі друз ауылдары маңына жау күштерінің енуіне жол бермеуді көздейтіні және жағдайды бақылауда ұстап отырғаны атап өтілді.

Наверх