Израиль әскері Сириямен шекаралас жатқан Голан жоталарындағы буферлік аймаққа жайғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Аталған орын 1974 жылғы Израиль мен Сирия арасындағы соғыстан кейін құрылған. Сириядағы жағдайдың ушығуына байланысты, Израиль осы жердегі қауіпсіздікті күшейтіп, шекара маңындағы тұрғындардың амандығын қамтамасыз етпек.
Жергілікті The Times of Israel басылымы, Израиль күштерінің Сириядағы қарулы қақтығысқа араласпайтынын мәлімдеді.