Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль қыркүйектің ортасында Газаға шабуылын бастауы мүмкін

4 Қыркүйек 2025, 08:58
482
Бөлісу:

Израиль әскері Газаның шетіне жетіп, осы айдың ортасында қалаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, операция миллионға жуық палестиналықты көшіруі мүмкін. Олар үшін жақын күндері хабарланатын "гуманитарлық аймақ" құруды жоспарлап отыр.

Халықаралық ұйымдар қауіпсіз эвакуация жолдарының жоқтығын, бұрын жарияланған "қорғау" аймақтары қазірдің өзінде соққыға жығылғанын ескертеді.

Израильдің қауіпсіздік кабинеті бұл жоспарды бір ай бұрын мақұлдады. Операцияның мақсаты - ХАМАС-ты жою және кепілге алынған 48 адамды босату, олардың 20-сы әлі тірі деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы