Израиль мен Ливан келесі аптада Вашингтонда келіссөз өткізеді. Бұл туралы Axios порталының тілшісі Барак Равид израильдік шенеунікке сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алғашқы кездесу Вашингтондағы Мемлекеттік департаментте өтеді. Америка тарапы делегациясын Ливандағы елші Мишель Исса бастап барады. Израиль атынан Вашингтондағы елші Йехиэль Лейтер қатысады. Ливан жағынан Вашингтондағы елші Нада Хамаде-Моавад өкілдік етеді, – деп жазылған жарияланымда.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливанмен тікелей келіссөздерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде бастауды тапсырған болатын.