Израиль Бейрутке соққы жасады

Бүгiн, 00:25
134
Бөлісу:
Израиль Бейрутке соққы жасады
Фото: euronews.com

Оңтүстік Ливанда израильдік әскерилер мен «Хезболла» арасындағы қақтығыс әлі жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Бейрутте тағы да жарылыс болды. Бұған дейін израильдік әскерилер «Хезболланың» нысандарына жататын ғимараттарға жақын орналасқан Дахия оңтүстік ауданының тұрғындарын шұғыл эвакуациялау туралы ескерту жасаған.

Сонымен қоса «Хезболла» Ливанмен шекарадағы аудандарда израильдік әскерилер мен жауынгерлердің ққатығыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ЦАХАЛ таратқан деректер бойынша, Ливаннан Израиль аумағына 200-ден астам зымыран ұшырылған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы