Миллиондаған оқырманы бар блогер Қайсар Қамза іздеу салынғаннан кейін әлеуметтік желіде суретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Instagram парақшасындағы сториске «бәрі нормально» деген жазбасы бар фотосын салды.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратурның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталы Қайсар Қамзаға іздеу жариялаған болатын.
Мәліметтерге сәйкес, Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздеу жарияланғанына екінші күннен асқан. Туған күні - 1995 жылғы 18 қыркүйек. Іздеу ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда Астана өңірінде тіркелген.
.jpeg)
Блогердің Instagram әлеуметтік желісінде 2,4 миллионнан астам жазылушысы, ал TikTok-та 340 мыңнан астам жазылушысы бар. Контенттің көп бөлігін ол Қазақстаннан тыс жерде болған кезде жариялайды. Қайсар Қамза өзін саяхатшы блогер ретінде таныстырады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Үндістанға жасаған сапары кезінде түсірілген видеожазбалары белсенді түрде талқыланған. Кадрларда блогер ар-намысқа тиетін балағат сөздер қолданған және жергілікті тұрғындарға агрессивті әрекет көрсеткен.
Сонымен қатар, Қайсар Қамзаның есімі бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің жарияланымдарында аталған. Сол кезде ҚМА заңсыз онлайн-құмар ойындарын жарнамалауға қатысы бар 34 блогерді анықтағанын хабарлаған.
Онда Қайсар Камза өз Telegram-каналында белсенді жұмыс істеп, жүйелі түрде заңсыз құмар ойындарға қатысуды насихаттағаны айтылған.