Іздеуде жүрген 2 қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скриншот 28 Наурыз 2024 2024, 14:45
28 Наурыз 2024 2024, 14:45
1867
Фото: скриншот

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметіне сәйкес Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған. 

Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Наверх