Із-түзсіз кеткен студент 17 жылдан соң қайтыс болды деп танылды

Сот өкілдерінің айтуынша, марқұм деп тану туралы өтініш мұрагерлік рәсімдерді рәсімдеу үшін қажет болған.

 istockphoto.com Кеше 2026, 20:32
Кеше 2026, 20:32
120
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының Ертіс аудандық соты 17 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған азаматты қайтыс болды деп тану туралы азаматтық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот мәліметінше, оқиға 2008 жылдың желтоқсан айында болған. Сол кезде Павлодардағы педагогикалық колледждің 20 жастағы студенті сабақтан кейін өзенге қарай бет алып, мұз үстіне шыққан. Оқиға орнында тек оның оқу папкасы ғана қалған.

Істі қарау барысында сот мемлекеттік органдардан тиісті мәліметтерді сұратқан. Атап айтқанда, шекара қызметінен алынған деректер бойынша азаматтың некеге тұруы немесе ажырасуы, аты-жөнін өзгертуі, қайтыс болуы немесе елден шығуы туралы ешқандай ақпарат тіркелмеген.

Сот өкілдерінің айтуынша, марқұм деп тану туралы өтініш мұрагерлік рәсімдерді рәсімдеу үшін қажет болған. Өйткені өтініш берушінің жұбайы қайтыс болғаннан кейін қалған мүлікті рәсімдеу мәселесі туындаған.

Азаматтың тұрғылықты жерінде 17 жылдан астам уақыт бойы ол туралы ешқандай мәліметтің болмауын және ұсынылған дәлелдерді ескере отырып, сот оны қайтыс болды деп тану туралы шешім шығарды.

Алайда бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Наверх