IX Жаһандық Баку форумы:Қазақстан мен Әзербайжан ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

18 Маусым 2022, 02:20
1191
Бөлісу:
IX Жаһандық Баку форумы:Қазақстан мен Әзербайжан ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше, 17 мамырда Бакуде IX Жаһандық Баку форумы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Қ.Ысқақов пен Әзербайжан Республикасы БАҚ-ты дамыту агенттігінің бас директоры А.Исмаиловпен кездесу өтті. 

Кездесу барысында тараптар ақпарат саласындағы, оның ішінде Әзербайжанда қазақстандық телеарналардың көрсетілімі, балаларға арналған анимациялық контентті тарату және алмасу, сондай-ақ бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруды қоса алғанда, ақпарат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісті. Өз кезегінде Комитет төрағасы әзербайжандық тарапты Орталық Азиядағы ең ірі медиа-шара – Astana Media Week-ке қатысуға шақырды.

IX Жаһандық Баку форумы COVID-19-тен кейінгі дәуірдегі геосаяси ландшафттың қалыптасуын, COVID-19-дың мектептегі білім мен болашақ білімге әсері, климат мәселелері, ғылым, технология және инновациялар, сондай-ақ экономиканың жаһандық трансформациясын, т.б. талқылады. 

Өзгелердің жаңалығы