Петропавл тұрғыны Александр Корчига су тасқыны кезінде 10 жыл бойы тұрған пәтерінен айырылған. Ол апаттың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен су басып кеткен үйімді 10 жыл бұрын сатып алған едім. Осы жылдар аралағыныда үйімізге су жүргізіп, баубақша егіп, жайлы жағдай жасап келдік. Бірақ су тасқыны бәрін өзгертті. Үйімізді су шайған соң комиссия оны жарамсыз деп таныды. Отбасымызда таңдау болды: өаладан пәтер алу немесе мемлекет салып жатқан үйлерден алу. Біз өмір бойы жеке баспанада тұрғандықтан қала өмірінен тыс еркіндігіміз болды. Сол себепті мемлекет салып жатқан баспананы таңдауға дұрыс деп шештік, – деді қала тұрғыны.
Оның айтуынша, шағын ауданды 2 сағат ішінде толығымен су шайған.
Үйімізді су өте тез басты. Шамамен 1,5-2 сағаттың ішінде үй маңын толығымен шайып кетті. Оған дейін дамбыға құм толтырылған қапшық жинап, барынша өзімізді қорғауға тырыстық. Тек біз емес, құтқарушылар да келіп көмектесті. Алайда бір күні қарасам су құм толтырған қапшықтарымыздан асайын деп тұр екен. Кейін азаматтармен бірігіп, қайта қапшық қоюға кірістік, бірақ ол кезде кеш болды. Төтенше жағдай қызметкерлері бізге ескерту жасап, аймақтан кетуді бұйырды. Барлығы үйлеріне тарап, керек-жарақтарын жинай бастады. Ал, мен тек өзіммен итімді алып үлгердім. Үйден ештеңе алғым шыға алмадым. Өйткені су деңгейі көтерілмейді деп ойлайдым, – деді Корчига.
Сондай-ақ Александр Корчига үйсіз қалған кезде не істегенін айтты.
Су астында қалған менің үйіме басқа үйдің моншасы келіп соғылды. Кейін бүкіл үйдің қалдықтары аралысып кетті. Былайша айтқанда есіме алғым келмейтін дүниелер көп… Үйден айырылған соң досымның пәтерінде тұрдым. Әрине, олар қалыңдар дейтін, алайда біз үшін ыңғайсыз болды. Мен, әйелім және балам да жұмыс істейміз. Біреуіміз ерте, біреуіміз кеш келеміз. Сондықтан қазіргі таңда пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Біз отбасымызбен жер үйде тұрып үйреніп қалғанбыз. Әрбіріміздің өз ісіміз бар, – дейді тұрғын.