Италияның Иския аралында лай көшкіні жүрді

27 Қараша 2022, 16:01
1397
Бөлісу:
Италияның Иския аралында лай көшкіні жүрді

Италияның оңтүстігіндегі Иския аралында көшкіннен кейін оннан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Көшкін толассыз жауған жаңбырдан туындап, бірнеше үй қираған. Неаполь префектурасында сәбиі бар отбасының құтқарылғаны хабарланды. Ауа райының қолайсыздығы іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатуда.

Кейінірек Неаполь билігі Казамиччола-Термедегі Майо алаңында әйелдің денесін тапқанын хабарлады. Бұл құтқарушылар барған алғашқы аудандардың бірі.

Алғашқы расталған құрбан бар, тағы онға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті, - деді Неаполь мэрі Гаэтано Манфреди

8 мың тұрғыны бар Казамиччола-Терме қаласы бұған дейін 2017 жылы тағы бір жер сілкінісін басынан өткерген, онда екі адам қаза тапқан еді.

Өзгелердің жаңалығы