Италиядағы курортты қалада лай көшкіні жүрді

15 Тамыз 2023, 05:30
525
Бөлісу:
Италиядағы курортты қалада лай көшкіні жүрді
Фото: baq.kz

Италияның солтүстік-батысындағы Бардонеккья қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар сел басып қалған үйлер мен автокөліктерді тексеріп жатыр. Осылай 6 адам құтқарылды. Опат болғандар мен жарақаттанғандар туралы мәлімет жоқ. Бұл – Альпі тауларындағы курортты қала. Мұнда жыл сайын миллиондаған турист демалуға келеді. Таяуда ғана мейрамға көп адам жиналған болатын.

Өзгелердің жаңалығы