Италияда жағажайлар ашыла бастады

3 Мамыр 2021, 15:23
1199
Бөлісу:
Италияда жағажайлар ашыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирусқа қарсы шектеулер жеңілдетіліп, жағажайлар ашылды, деп жазды «Хабар 24». 

Қазір елдің көп аймағында індеттің таралуы бәсеңдеп, эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. 20 өңір індет саябырлаған «сары» түсті аймаққа енді. Бұл жерлерде өткен аптадан бастап мейрамхана мен дәмханалар ашылып, оқушылар мектепке оралды. 

Ал жергілікті билік мамырдың аяғына дейін жасы 65-тен асқан тұрғындардың барлығын вакциналап бітіруді жоспарлап отыр. Қазірге дейін елде 6 миллионнан аса адам екпенің екі бірдей дозасын алған.

Өзгелердің жаңалығы