Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қыркүйекте Италияда велоспорттан «Джиро делл'Аппеннино» біркүндігі өтеді, деп хабарлады Olympic kz.
Қатысушылар Нови Лигуре – Генуя бағыты бойынша 191,5 км қашықтықты бағындырады. Қазақстандық Astana Pro Team велокомандасынан аталған жарысқа 5 спортшы қатысады. Олар: Эрнандо Бооркес, Родриго Контрерас, Даниил Фоминых, Йонас Грегаард пен Мерхави Кудус.
Астана командасының спорт директоры Александр Шофер болмақ. Айта кетерлігі, ол 2001 жылы Alessio сапында «Джиро делл'Аппеннино» жеңімпазы атанған.