Италияда үйлер 1 еуродан сатылып жатыр

18 Қаңтар 2021, 13:30
1277
Бөлісу:
Италияда үйлер 1 еуродан сатылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Сицилияда орналасқан Троина қаласының билігі қараусыз қалған үйлерді 1 еуродан сатылымға шығарды. Осылайша олар қалаға жаңа тұрығындарды тартпақ. Бұл туралы CNN хабарлады. 

Троина қаласының мэрі Себастьяно Фабио Венеция қараусыз қалып, қираудың алдында тұрған үйлерді сату үшін онлайн агенттіктерге жүгінгенін айтқан. 

Қаңтар айының соңына дейін жергілікті билік 30 үйді 1 еуродан сатпақ. Алдағы уақытта олардың қатары тағы 100 үймен толыспақ, ол үшін бұрынғы қожайындары үйді биліктің қарамағына тапсыруы керек. 

Дегенмен, бұл бағдарламаның өз шарты бар. Сатып алушылар 1 еуродан бөлек 5 мың еуро көлемінде кепілдік беріп, үйге жөндеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін сатып алушыға үш жыл уақыт береді. Үйге жөндеу жұмысы жасалып біткен соң кепілдеме қайтарылады. Оның үстіне жергілікті билік жөндеу жұмысының жарты шығынын өз мойындарына алуға әзір.

Өзгелердің жаңалығы